Aqyl EnergyБаза знанийВсе материалы
Публикации в СМИФото

Aqyl Energy: газ смарт-есептегіштері кімге тегін орнатылады?

Aqyl Energy: газ смарт-есептегіштері кімге тегін орнатылады? Қазақстанда Aqyl Energy жобасы аясында механикалық есептегіштерді смарт-құрылғыларға ауыстыру жұмысы қарқын алды. Бүгінде 70 мыңға жуық смарт-есептегіш орнатылып үлгерді. Ерекше атап өтерлік жайт, бұл жұмыс табиғи газды бұрыннан қолданып келе жатқан абоненттер үшін газ таратушы компания, яғни «QazaqGaz Aimaq» АҚ тарапынан тегін жүргізіледі. Заманауи смарт-есептегіштерді орнату тек жаңа абоненттер үшін ақылы болады. Жалпы, жобаның аясында 1,35 миллион интеллектуалды газ есептегішін орнату жоспарланған. Цифрлық есептеу құралы газ тұтыну деректерін қашықтан беруге жол ашып, тұтынуды бақылау мен есеп жүргізудің тиімділігін арттырады.

Открыть документ

Файл: aimaq_kz.jpg · 180 КБ

Скачать

Связанные материалы

«Aqyl Energy» жобасы аясында смарт-есептегіштер орнатылуда.Общие материалы · Елімізде табиғи газды тұтынуды есептеуге арналған смарт-есептегіштер орнату басталды. Шымкент қаласында және Түркістан, Қызылорда облыстарында қолға алынған тиісті жұмыс «QazaqGaz Aimaq» компаниясының «Aqyl Energy» жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Атап өтерлік жайт, жаңа заманауи құрылғыны орнату тұрғындардың қалтасына салмақ түсірмейді, яғни толықтай тегін жүргізілуде. Смарт-есептегіштер қауіпсіздікті арттырып, есептің ашық болуын қамтамасыз етеді әрі аталған қызметті цифрлы форматқа көшіреді. Бұл, әлбетте, қарапайым халық үшін ыңғайлы әрі үнемді. Ал газ тұтыну мөлшерін QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасынан бақылауға болады.О компании GoldCard (англ. яз.)Общие материалы · Видео с общей информацией о производителе и линейке оборудования GoldCard.Взаимодействие GoldCard и Samruk (рус. яз.)Общие материалы · Материал о взаимодействии оборудования GoldCard с Samruk.